ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
КЕПІЛМЕН БЕРІЛЕТІН МИКРОКРЕДИТ:
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК | АРНАЙЫ ТЕХНИКА | АВТОКӨЛІК
1 МЛН-НАН 86,5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН. 7 ЖЫЛҒА ДЕЙІН / 84 АЙ
  • /
  • /

Қаржыландыру сомасын есептеңіз

Шағын несие сомасы
1 млн20 млн43 млн65 млн86,5 млн
Несие мерзімі
3 ай

* қорытынды есеп шешім қабылдау сәтінде бекітіледі.

Біздің ұсынысымыз
Шағын несие сомасы
1 000 000 тг
Ай сайынғы төлем

«Стандарт» шағын несиесі

Жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілеріне арналған өнім. Инвестициял және айналым қаражатын толықтыруға қолайлы, сондай-ақ бизнестің міндетіне қарай қаржыландыру форматын таңдауға мүмкіндік береді.

Мақсатты топ

Жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері.

Несиелеу лимиті

20 000 АЕК-ке дейін, яғни 86 500 000 теңгеге дейін.

Несиелеу мерзімі

Инвестициялар — 7 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыру — 3 жылға дейін.

Сыйақы мөлшерлемесі

Қаржыландыру параметрлеріне қарай жылдық 25%-дан бастап.

* ЖТСМ 46%-дан аспайды

Жеңілдік кезеңі

Сыйақыға - Несие комитетінің шешіміне байланысты 6 айға дейін.

Кепілмен қамтамасыз ету

Жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ компанияның кепілдік саясатына сәйкес өзге де кепілмен қамтамасыз ету.

Құжаттар пакеті

Негізгі құжаттар пакеті

Бизнеске қатысты құжаттар, жеке куәлік, табыс туралы деректер, кепіл бойынша құжаттар, сондай-ақ «Alatau Finance» МҚҰ» ЖШС сұранысы бойынша өзге де құжаттар.

* Нақты тізім несие мақсатына және кепілмен кепілмен қамтамасыз ету құрылымына байланысты

Шарттар

«Стандарт» шағын несиесі жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілеріне арналған. Өнімді инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға пайдалануға болады.

Өнімнің негізгі шарттары:

  • несиелеу лимиті — 20 000 АЕК-ке дейін, 86 500 000 теңгеге дейін;
  • сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 25%-дан бастап;
  • * ЖТСМ 46%-дан аспайды;
  • инвестициялар — 7 жылға дейін;
  • айналым қаражатын толықтыру — 3 жылға дейін;
  • сыйақыға жеңілдік кезеңі — Несие комитетінің шешіміне байланысты 6 айға дейін;
  • беру нысаны: шағын несие беру туралы шарт, жаңартылатын несие желісі, жаңартылмайтын несие желісі;
  • кепілмен қамтамасыз ету: жылжымалы және жылжымайтын мүлік, оның ішінде сатып алынатын мүлік, сондай-ақ компанияның кепілдік саясатына сәйкес өзге де кепілмен қамтамасыз ету;
  • қарыз алушының қосымша шығындары: кепіл мүлкін тәуелсіз бағалау, кепіл мүлкін сақтандыру, кепіл мүлкін тіркеу.

Негізгі қарызды өтеу шарттары:

  • аннуитет;
  • тең үлестермен;
  • негізгі қарызды және/немесе сыйақыны айыппұл санкцияларынсыз толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеуге рұқсат етіледі;
  • Ішінара мерзімінен бұрын өтеудің ең төменгі сомасы қарыз алушының кестесі бойынша кемінде 3 жоспарлы төлем мөлшерінде болуы тиіс.

Қалай өтеуге болады

Өтеу қарыз алушының бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіледі. Өтеу форматы шарттың келісілген талаптарына қарай аннуитеттік немесе тең үлестермен болуы мүмкін.

Негізгі қарызды және/немесе сыйақыны айыппұл санкцияларын қолданбай толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеуге рұқсат етіледі. Ішінара мерзімінен бұрын өтеудің ең төменгі сомасы қарыз алушының кестесі бойынша кемінде 3 жоспарлы төлем мөлшерінде болуы тиіс.

Төлем компанияның деректемелері бойынша банктік аударым арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Төлем жасаған кезде қарыз алушының деректерін және шарт нөмірін көрсету ұсынылады.

Төленетін соманы, берешек қалдығын және төлем кестесі бойынша мәліметтерді нақтылау үшін компания кеңсесіне тікелей хабарласуға болады.

ӨНІМДЕРІ
компания
БАЙЛАНЫС
«Alatau Finance» МҚҰ» ЖШС — Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы 17.04.2026 ж. берген, № 02.26.0003.М микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар компания.
Сенімді өсім үшін сенімді серіктес
Телефон:
Мекенжай:
Алматы қ., Тимирязев көшесі, 28В,
БЦ «Алатау Гранд», 5-қабат, 504-кеңсе
© 2026 «Alatau Finance» МҚҰ. Барлық құқықтар қорғалған.