Төлем қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шараларҚазақстан Республикасының
«Микроқаржылық қызмет туралы» Заңының 9-2-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған жағдайда немесе қарыз алушы — жеке тұлғамен микрокредит беру туралы шарт талаптарын өзгерту бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, микроқаржы ұйымы мыналарға құқылы:
- Қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану мәселесін қарауға. Шараларды қолдану туралы шешім микрокредит беру қағидаларына сәйкес қабылданады;
- Берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге. Берешекті коллекторлық агенттікке сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін беру қарыз алушы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, шартта коллекторлық агенттікті тарту құқығы көзделген кезде ғана допуска етіледі.
Берешек сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін берілген күні қарыз алушыға бұл туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы хабарланады. Хабарламада коллекторлық агенттіктің атауы, орналасқан жері және борышкерлермен байланысуға арналған телефон нөмірлері көрсетіледі;
- Қазақстан Республикасының «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңының 9-1-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, қарыз алушының ақшалай міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алуы болған жағдайда, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды/талаптарды үшінші тұлғаға беруге:
- — жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарты бойынша — қатарынан 180 күнтізбелік күннен астам мерзім өткен жағдайда;
- — жеке тұлғаның өзге микрокредит беру туралы шарттары бойынша — қатарынан 90 күнтізбелік күннен астам мерзім өткен жағдайда.
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын қарыз алушыға қатысты Қазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімі қолданылған жағдайларға қолданылмайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде микрокредит беру туралы шарт бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап қоюға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен немесе сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға;
- Қарыз алушы — жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тану туралы сотқа талап қоюға.
Кепіл беруші, кепілгер, кепіл болушы және өзге де тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті көтереді, оның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің
18-тарауы «Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету» және Қазақстан Республикасының
«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңы бойынша жауапты болады.